Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп
 
Мектеп тарихы
Мектеп дирекциясы
Мұғалімдер туралы мәлімет
Мұғалім мектептің жүрегі
Шәкірт мектеп мақтанышы
ҰБТ, МАБ көрсеткіштері
Ақпараттандыру жұмыстары
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы
Әдістемелік жұмыстар
"e-Learning" Электрондық оқыту жүйесі
Қамқоршылық кеңес
"Еркетай" шағын орталығы
"Ашық бюджет"
"Кәсіби бағдар беру"
Сайт

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

       Бүгінгі күні мектеп бітіруші түлектерді ерекше толғандырып отырған басты мәселе – мамандық таңдау. Олардың алдында сан тарау жол жатыр, алуан түрлі мамандық күтіп тұр. Әр жүректе бір арман. Ол – қоғамға қажетті мамандық таңдап, қалаған мамандығының иесі болу. Осы орайда, 2022 жылдың 26 сәуір күні Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлының бастамасымен «КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты ашық есік күні болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – талапкерлерге аса маңызды таңдау жасауға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу. Бұл бастама – техникалық мамандықтың мәртебесін көтерудің тиімді жолдарының бірі. Орта арнаулы кәсіптік білімге қашан да сұраныс жоғары. Тек қажеттілігін, оның тиімділігін түсіндіре білген жөн. Дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын «Ашық есік» күніне аудан мектептерінің бағдарлы оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасарлары мен 9 – сынып оқушылары қатысып, колледжде оқытылатын мамандықтар мен колледждің материалдық – техникалық базасымен танысты. Жиынды колледждің директоры Мусаев Арман ашып берсе , оқу – тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Шәрбану Баекеева мен Гүлазат Жаңылова өткізілетін «Ашық есік» күні іс – шарасының бағдарламасының мақсатын, директордың оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға колледжде даярланатын мамандықтың түрлерімен таныстырды. Ашық есік күнінде келушілерге оқу орнының мүмкіндіктері жайында толық ақпарат берілді. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі 65 жылдық тарихы бар, білікті мамандарды даярлап келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі. Ұжымдағы 73 инженер – педагогтар қазіргі таңда еңбек нарығына қажетті 22 мамандық, 44 біліктілік бойынша білікті мамандар даярлау барысында қажырлы еңбек етіп келеді. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 440 студент білім алуда. Мамандықты оқытуға арналған 30 оқу кабинеті, оның ішінде 4 шеберхана, 10 зертхана, 180 орындық асхана, 280 орындық акт залы, спорт залы және ыңғайластырылған 33 орындық жатақхана, жаңа заманауи компьютерлік техникамен жабдықталған кабинеттер мен зертханалар бар. Колледжде темірдей тәртіп бар, студенттер жатақханамен қамтылған, өз мамандығын жетік біледі, ай сайын шәкіртақы алып отыр, тамақтары тегін. Жатақханаға басқа облыс, аудандардан келген балалар жатып оқиды.Жылыжайда гүлдің барлық түрі өсіп тұр. Кабинеттер мен коридорлардағы гүлдер көз қызықтырады. Ашық есік күні аясында студенттердің өз қолдарынан шыққан көрмелері мен кондитерлік өнімдері жәрмеңкесі өтті. Экскурсия кезінде мектеп түлектері колледждің тарихымен, материалдық базасымен танысты, кабинеттер мен зертханаларды көрді, спорт, жаттығу және оқу залдарын, шеберхана, жатақхана, кітапхананы аралады. Колледждің акт залында мектеп директорының бағдарлы оқыту жұмысы жөніндегі орынбасарлары жиналып, өз пікірлерін ортаға салды. Алысқа бармай –ақ, мамандықты осы колледжден игеруге болатынына көздері жетті. Іс – шараға қатысушылардың барлығына колледжде қандай мамандықтар бойынша қабылдау жүргізілетіні және бағыттары туралы ақпараттық материалдар таратылып берілді. «Ашық есік» күні өткізілген іс-шараны колледж директоры Мусаев Арман қорытындылап, жақсы мамандық пен білім аламын деушілерге біздің колледждің есігі әрдайым ашық дей келе, аудан мектептерінің оқушыларын колледжде білім нәрімен сусындауға оқуға шақырды. Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген. Олай болса, біз де қоғамға ең қажетті, сұраныста ешқашан төмендемейтін мамандықтарды таңдаған шәкірттерге сәттілік тілеп, ойлаған мақсаттарына жетулеріне тілектестік білдіреміз. Ашық есік күніне келген мектеп оқушылары техникалық мамандықтың ерекшеліктерін түйсініп, таңдаған мамандықтарының мәні мен маңызы туралы мол хабар алып, өз таңдауларының дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізіп кетті деген сенімдеміз. Іс-шара келешек талапкерлер үшін пайдалы болды

   

"КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР" АТТЫ БАСҚОСУ

       Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде "Кәсіби бағдар беру: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер" атты ашық есік күні аясында "Кәсіби бағдар беру: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер" тақырыбындағы мектеп директорларының бағдарлы оқыту жұмыстары жөніндегі орынбасарларымен пікір алысу өткізілді.

   

"МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ, ҚАЛАУЫҢША ТАҢДАП АЛ!"

       Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде "Кәсіби бағдар беру: тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер" атты ашық есік күні басталды. Ашық есік күні аясында №16, №95, №90, №91, №92, №182, №96 "Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!" атты мектеп оқушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндіру жұмыстарына арналған жиын өтті.

   

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы саласының бірі - ҚОЛӨНЕР"

       Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы саласының бірі - ҚОЛӨНЕР, ол халықтың тұрмыс-тіршілігімен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Сол атадан аманат болған асыл өнерді кәсіп етіп, ұлттық өнерді ұлықтап келе жатқан кәсіп иелері аз емес. Солардың бірі қолөнерлікті табыс көзіне айналдырған Қазалы қаласының тұрғыны Жадыра Үрістемқызы. Қолдан бұйымдар жасаудың қыр - сырына қанығып, шебермен ашық әңгіме өрбіді. "Сәндік бұйымдарымыз ұмыт болып бара жатыр. Бастапқы кезде жастар қызығатын сәндік бұйымдар браслет, сырға, алқа жасаумен айналыстым. Біртіндеп кәсібімді ұлғайтып, қасыма көмекшілер алып, тойға шығатын, ұзатылатын, биші қыздарға арнап сәукеле, камзол, ақжол тіге бастадым. "Қолөнер" бұйымдарымен айналысудағы мақсатым осы саланы дамыту",- дейді қолөнер шебері. Алдағы уақытта кәсібін одан әрі кеңейтуді де жоспарлап отыр. Келешегінен мол үміт күтетін жас кәсіпкердің ісіне біз де сәттілік тілейміз!

   

Жеке кәсіпкер Қазбергенов Нұрбектің "ҚАЗАЛЫ" кәмпиті

       Жеке кәсіпкер Қазбергенов Нұрбектің "ҚАЗАЛЫ" кәмпиті өнімдерін шығаратын цехы аймақтағы тәтті кәмпит түрлерін шығаратын автоматтандырылған жалғыз кәсіпорын. Кәсіпкер Нұрбек Алдажарұлы 2012 жылдан бері Қазалы кәмпиттерін шығарып келеді, 2012 жылға дейін кәмпит шығарумен анасы Фатима Қазбергенова айналысты. Қазір цех толығымен заманауи құралдармен жабдықталған. Қытай, Ресей елдерінен кәмпиттерді созып, бөліп, турайтын және қағазымен орайтын аппараттар сатып алынған. Цехта жалбыз дәмі бар ащы кәмпит, барбарис, соломка, рокс (бор кәмпит) түрлерінен бөлек, түрлі жеміс шырынының қоспасымен дайындалатын түрлері (апельсин, лимон, шие (дюшес) де көптеп шығарылады. Қазалы кәмпитіне Қызылорда облысынан бөлек, Қазақстанның барлық қалаларында сұраныс жоғары. Цех қазіргі уақытта біршама адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің ендігі мақсаты - Қазалы кәмпитін Қазақстан брендіне айналдыру. Халықты "Қазалының тәттісімен" қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікті дамытып, аудан экономикасына өз үлестерін қосып отырған кәмпит цехтың жұмыс барысымен танысып, кәсіпкерліктің қыры мен сырына қанығып қайттық.

   

Жоғары

Мектеп бағдарламашысы Баймаханов Қайрат Байзақұлы