Қазалы қаласы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп

 
Мектеп тарихы
Мектеп дирекциясы
Мұғалімдер туралы мәлімет
Мұғалім мектептің жүрегі
Шәкірт мектеп мақтанышы
ҰБТ, МАБ көрсеткіштері
Ақпараттандыру жұмыстары
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы
Әдістемелік жұмыстар
"e-Learning" Электрондық оқыту жүйесі
Қамқоршылық кеңес
"Еркетай" шағын орталығы
"Ашық бюджет"
"Тақырыптық баннерлер"
Сайт




Қазалы қаласындағы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің қысқаша тарихы

   Халық депутаттары Қазалы аудандық Кеңесі атқару комитетінің 21 шілде 1991 жылғы №68 қаулысы бойынша 1990-1991 жылдары Әділбек Сарабеков басқарған МПМК-06 мекемесі Қазалы қаласындағы №95 орта мектеп құрылысын салып, ол 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайдалануға берілген. Мектепке  жерлесіміз, әдебиет сыншысы, аудармашы Қалжан Нұрмахановтың есімі берілген. Мектеп 864 оқушыға арналған.1991 жылдан 1999 жылға дейін мектепті ҚР-сы Білім беру ісінің үздігі Романов Оңталап Райханұлы басқарды. 1997 жылы мектеп бойынша Қалжан Нұрмаханов жылы болып жарияланып, мектеп ішінен мұражай бөлмесі ашылды.1999 жылдан 2006 жылға дейін мектепті ҚР-сы Білім беру ісінің үздігі Есбосынов Нұрлыбек Нұртазаұлы басқарды. 2006-2008 жылдар аралығында ҚР-сы Білім Министрлігінің Құрмет грамотасының иегері Сағидуллаев Ғабит Өмірзақұлы басқарды.2008 жылдың қаңтар айынан бастап мектепті білікті ұстаз Маханбетов Оңталап Төлегенұлы басқарып келеді. Мектепте 1992-1994 жылдары шағын орталық ашылып, балабақша жұмыс істеген. Кейін оңтайландыру кезінде қаржы жетіспеуіне байланысты жабылып қалған болатын. 2009 жылы мектеп жанынан «Еркетай» шағын орталығы  қайта ашылып, қазір онда 100 бала тәрбиеленуде. 2015-2016 оқу жылында мектепте 228 оқушы білім алуда және оларға 44 мұғалім сабақ беруде. Олардың 2-і жоғары санатты, 13-і І санатты, 9-ы ІІ санатты мұғалім.        



Мектепте еңбек еткен ардагер ұстаздар туралы

Әбілханов Аманқос-1941 жылы Арал ауданында  дүниеге келген. 1970 жылы Алматы  ауылшаруашылық институтын, 1976 жылы Қызылорда инженерлік – экономикалық институтын бітірген. 1963-1995 жылдары Қазалы қаласындағы №34 кәсіптік-техникалық училищесінде, қазіргі №8 кәсіптік лицейде оқытушы, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, директор қызметтерін атқарған.1995-1997 жылдары Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаран.  1997 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Әбілхан Аманқос «Қазақстан республикасы кәсіптік білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері.
Бекманов Совет – 1950 жылы дүниеге келген. 1972 жылы Түркістан қаласындағы педагогикалық училищесін бітіріп, 1972-1992 жылдар аралығында №8 кәсіптік училищесінде педагог-мастер болып жұмыс істеген. 1992-2004 жылдар арадлығында №95 орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 
Жұмағалиев Әбдіжәлел-1950 жылы 2 қазанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Абай ауылында дүниеге келген. 1969-1973 жылдары Шымкент қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институттың сызу және сурет факультетінде оқыған. 1976-1996 жылдары Абай атындағы №90 мектепте, аудандық оқушылар үйінде қызмет атқарған. 1996-2007 жылдары Қазалы қаласындағы №95 орта мектепте сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1990, 1999, 2003 жылдары облыстық білім беру басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталса, шәкірті Көпжасаров Бақыт Үндістандағы Нью-Дели қаласында өткен «Шанкар-халықаралық суретші балалар сайысы-2000» конкурсының жеңімпазы атанған.  
Нұрмахан Еділ-1952 жылдың 14 сәуірінде  Арал қаласында  дүниеге келген. 1960-1970 жылдары № 57 «Октябрь» орта мектебінде он жылдық білім алып шыққан.  1971-1973 жылдары міндетті  әскери борышын өтесе, 1989-1993 жылдары Қызылорда қаласындағы бұрынғы Гоголь атындағы педагогикалық институтта сырттай білім алған. 1974-1980 жылдары №57  «Октябрь» орта мектебінде еңбек және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі, 1981-1990 жылдары Қазалы қаласына қоныс аударуына байланысты  Ғани Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебінде  еңбек және бейнелеу өнері пәнінің  мұғалімі, 1990-1991 жылдары Ғани Мұратбаевтың революциялық мемориялдық музейінде көркемдеуші-суретші, 1991 жылдың 1 қазанынан бастап,  Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте еңбек және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарған.
Көпжасарова Роза  (1953-2005)-1953 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1965 жылы  Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектепті бітіріп, 1967-1970 жылдары  Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищесінде бастауыш сынып мамандығы бойынша  білім алған.  Алғашқы еңбек жолын №17 орта мектептен бастаған Роза Смағұлқызы 1992 жылы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепке ауысып келген. Сонан  2005 жылға дейін осы мектепте еңбек еткен.  Ұлағатты ұстаздың мектеп тарихында қалдырған қолтаңбасы айрықша. Ол сан мың  шәкірттің жүрегінен орын алып, елдің ыстық ықыласына бөленген абзал жан.  
Қыпшақбай Шерік(1950-2008)-1970-1974 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының математика факультетінде оқыған. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері. Педагогика саласындағы ұзақ жылғы еңбек жолында 1992 жылы облыстық білім беру департаментінің Құрмет грамотасымен, 1993 жылы ҚР Білім беру министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Өтеев Сражадин – 1930 жылы дүниеге келген. 1952 жылы Н. В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітірген. 1954 жылы 1 қыркүйекте  Ворошилов атындағы жеті жылдық мектепке мұғалім болған. 1957 жылы Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектепте  мұғалім,1972 жылы Қазалы станциясындағы №177 бастауыш мектепте оқу ісінің меңгерушісі , 1978 жылы аудандық оқу бөлімінде әдістемелік меңгеруші болып жұмыс істеген. 1981 жылы Қазақ ССР оқу министрлігінің «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен наградталған.  1978 жылы №146 «Ажар» бастауыш мектеп интернатында директор, 1988 жылы Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1991 жылы №95 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі  қызметтерін атқарған.1992 жылы «Ветеран труда» медалімен наградталған. 1993 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.
Сағидуллаева Гүлжаһан – 1943 жылы Арал ауданында дүниеге келген. 1960-1965 жылдары   Қызылорда Н. В. Гоголь атындағы педагогикалық институтының «Физика-математика» факультетінде оқыған. 1967-1972 жылдар аралығында Қазалы ауданындағы Октябрь совхозындағы №88 қазақ орта мектебінде жұмыс жасап, 1972 жылы жолдасының қызметіне байланысты Майдакөл ауылындағы №98 орта мектебіне ауысқан. Еңбек жолында 1974 жылы облыстық оқу бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған. 1985-1989 жылдары мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары,1989-1992 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің ұсынысымен оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып,  1992 жылдан бастап №95 орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі болған. Осы жылдар аралығындағы тынымсыз еңбегінің нәтижесінде  облыстық методикалық кеңестің түрлі Алғыс хаттарымен  марапатталған. 1996 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.
Манатауова Алмагүл-1944 жылы Қазалы қаласындағы Жанқожа батыр атындағы ауылда дүниеге келген. 1961 жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне оқуға  түсіп, оны 1966 жылы бітірген. Өзінің туған ауылында ұстаздық еңбек жолын бастаған жас ұстаз №94 мектепте, 1967-1971 жылдары Арал қаласындағы Қарашалаң ауылында, 1971-1990 жылдары Қазалы қаласындағы  Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектепте, 1990-1994 жылдары Қ. Нұрмаханов атьындағы №95 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып, мыңдаған шәкірттің жүрегінен жол тапқан ұлағатты ұстаз атанды. Ұстаздық еңбек жолында бірнеше рет аудандық, облыстық білім бөлімі Алғыс хаттарымен марапатталған. Ұлағатты  ұстаздың шәкірттері қазір республикамыздың түкпір-түкпірінде қоғамымыздың түрлі саласында еңбек етуде. 1994 жылдан бері құрметті еңбек демалысында.  
Мұсаев Қоңысбай – 1945 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1964-1967  жылы міндетті әскери борышын  өтеген.  1969 жылы Орал қаласындағы педагогикалық институтының тарих-филология факультетін тарих және педагогика мамандығы бойынша 1974 жылы бітіріп шыққан. Сол жылы Қазалы қаласындағы №34 кәсіптік-техникалық училищесінде жұмысқа орналасып, 1983 жылға дейін тарих және қоғамтану пәндері бойынша сабақ берген. 1996 жылдан бастап №95 орта мектепке ауысқан. Осында тарих пәнінен сабақ берген, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары 
Әзілхан Сарқыт-1953 жылы 8 желтоқсан күні Арал ауданында дүниеге келген. 1961 жылы Арал совхозындағы №57 орта мектептің 1-класына қабылданып, 1971 жылы он жылдық мектепті бітірген. 1971-1974 жылдары Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, «Бастауыш класс мұғалімі» және «Аға пионер вожатыйы» мамандығын алып шыққан. 1974-1980 жылдары туған жерінде бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істеп, 1980 жылы Қазалы қаласына жанұясымен көшіп келген. 1980-1991 жылдары Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебінде, 1991 жылдан зейнеткерлік жасқа дейін  Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істеп, 2011 жылы зейнеткерлік еңбек демалысына шыққан.  
Төлеген Шалқар-1954 жылы Қазалы ауданы Энгельс ауылдық кеңесінің Аранды бөлімшесінде дүниеге келген. 1962 жылы Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің 1-класына қабылданып, аталған мектепті 1971 жылы бітіріп шыққан. Осы жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесіне түсіп, оны 1976 жылы үздік бітіріп шыққан. 1976-1977 жылы өзі білім алған Ғ. Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебінде, 1991-2012 жылдар аралығында Қазалы қаласындағы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып, жас ұрпаққа музыка өнерінің қыр-сырын үйретуде талмай еңбек еткен. Көптеген шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы. 2012 жылы зейнеткерлік еңбек демалысына шыққан.
Әбутрап Нағима - Әбутрап Нағима 1957 жылдың қаңтар айының 1-де Жаңақорған ауданы Қызылорда облысында дүниеге келген. №51 қазақ орта мектебінде бітіргеннен соң, еңбекке араласып, 1976-1977 жылы Алматы шетел тілдер институтының дайындық курсына оқуға түсіп, 1977 жылы осы институттың 1-ші курсына қабылданады. 1982 жылы осы институтты ойдағыдай аяқтап, жолдамамен Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) ұстаздық қызметін бастайды. Өзінің іскерлігімен, жан-жақты білімділігімен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Алғашқы жылдары бастауыш партия ұйымының жетекшісінің орынбасары, одан кейін жетекшісі болып тағайындалады. 1986 жылы жанұясының көшіп келуіне байланысты Қазалы ауданы Түктібаев совхозындағы №88 қазақ орта мектебіне мұғалім болып орналасады. Өзінің іскерлігімен танылған ол 1987 жылы «Балбөбек» балалар бақшасының меңгерушісі болып тағайындалады. 1991-1992 оқу жылынан бастап №95 Қалжан Нұрмаханов атындағы мектепте шетел тілінен сабақ беріп келеді. Мектепте «шетел тілі» және «орыс тілі» пән секциясының жетекшісі болып қоғамдық жұмыстар атқарды.
Шүленбаева Жақсылық -1946 жылы  7 мамыр күні дүниеге келген. 2004 жылы осы мектептен құрметті еңбек демалысына шыққан.
Мұқаш Ақжамал  Досқожақызы 1959 жылы 15 қыркүйекте  Қызылқұм ауылында дүниеге келген. 1976 жылы сол ауылдағы №189 қазақ орта мектебін бітірген соң, 1978 жылға дейін ауылда  құрылысшы, 1978 жылы тұрмысқа шығып, 1989 жылға дейін Ажар ауылында , 1989-1996 жылдары Қызылқұм совхозында жұмысшы болып еңбек етсе,  1996 жылы отбасы жағдайына байланысты   Қазалы қаласына көшіп келіп,  Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепке  жұмысқа орналасады.  Зейнеткерлік жасқа дейін, яғни, 2012 жылға дейін  осы мектепте еңбек етеді. Қазіргі таңда жолдасымен  бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана.  
Тұрекешова Алтыншаш-1951 жылы 12 желтоқсан күні Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Қожабақы ауылында дүниеге келген. 1958-1968 жылдары Қожабақы ауылындағы №25 орта мектепте білім алады. 1969 жылы Қазалы қаласындағы ауылшаруашылық техникумының бухгалтерлік бөліміне оқуға түсіп, оны 1971 жылы бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1971 жылы Қожабақы ауылында құрылыс есепшісі болып бастаған. 1972 жылдан бастап Қазалы қаласындағы қалалық кеңесте есепші, 1992 жылы осы мекемеде бас есепші, 1994 жылы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте есепші, 1996 жылы Қазалы қаласының қалалық кеңесінде, 1998 жылы Ғ. Мұратбаеыв атындағы №17 мектепте есепші болып қызмет атқарды. Ал, 2002 жылдан бастап Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте зейнеткерлік жасқа  дейін есепші қызметін атқарып келген. 38 жыл бойы есепші болып қызмет атқарған Алтыншаштың еңбегі  әркез еленіп,  аудандық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен және 2 рет Алғыс хатпен, мектеп директорының Мақтау қағаздарымен марапатталған. 2009 жылы осы мектептен құрметті еңбек демалысына шыққан. Қазіргі таңда   Тұрекешова Алтыншаш екі бала, үш немере тәрбиелеп өсірген  үлгілі ана. 
Аманова Рәзия Сардарқызы -1950 жылы 29 ақпан күні  Хорезм облысы, Шовет ауданында дүниеге келген. 1957 жылы 1-класқа қабылданып, 1965 жылы 8 жылдық мектепті бітірген. 1968 жылы тұрмыс құрып, 1970 жылы жанұясымен Қазалы қаласына көшіп келген. 1980 жылдан бастап ПМК-86 мекемесінде, онан кейін Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте зейнеткерлік жасқа дейін еңбек еткен. 2008 жылы  құрметті еңбек демалысына шыққан.  
Қосмамбетова Бекзия Суханбергенқызы -1950 жылы 10 желтоқсан күні Қызылорда облысы, Тасбөгет поселкесінде дүниеге келген. 1960 жылы отбасы жағдайына байланысты Қазалы ауданы Басықара ауылына көшіп келіп, 1963 жылы Басықарадағы №182 орта мектепке 1-класқа қабылданып, оны 1975 жылы бітіріп шығады. 1975-1976 жылдары ПМК-64 мекемесінде жұмыс істейді. 1976 жылы тұрмыс құрып, 1979-1982 жылдары аудандық астық тарату мекемесінде жұмысшы, 1982-1991 жылдар аралығында райбыткомбинатта, 1991 жылдан бастап, зейнеткерлік жасқа дейін, яғни 2012 жылға дейін   Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте еңбек етеді. Қазіргі таңда  құрметті еңбек демалысында. Жолдасымен екеуі 6 бала, 4 немере сүйіп отырған от-анасы.   
Ермағанбетова Қаламқас - 1954 жылы 17 қыркүйек күні Қаратерең ауылында дүниеге келген. 1961-1972 жылдар аралығында ауылдық орта мектепте білім алып, 1976 жылы Қызылорда қаласында «Солнышко» балабақшасында тәрбиеші болып еңбек етсе, 1994 жылдан 2012 жылға дейін, яғни, зейнеткерлік жасқа дейін Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте еңбек етеді. Қазір құрметті еңбек демалысында. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген ардақты ана.  
Гортель Иван Яковлевич - 1947 жылы 19 қараша күні дүниеге келген. 1954-1962 жылдар аралығында орта мектепті бітіріп, жастайынан еңбекке араласады. 1964-1966 жылдары ГПТУ-70 мектепте білім алып, 1966-1969 жылдары азаматтық әскери борышын өтеген. 1994 жылдан зейнеткерлік жасқа дейін Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте еңбек еткен. Отбасылы, 1 қыз, 1 ұлы бар. Қазір құрметті еңбек демалысында. 2010 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.  
Тілеп Ақкүміс - 1953 жылы 12 тамыз күні дүниеге келген. 1990 жылы ГорПО-да , 1990-1991 жылдары №16 орыс мектебінде еңбек етсе, 1991 жылдың 2 желтоқсан күнінен бастап, зейнеткерлік жасқа дейін Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте еңбек еткен. 2011 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.  
Қарамұрзаева Сәрсенкүл-1960 жылы 30 сәуір күні дүниеге келген. 2013 жылы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептен құрметті еңбек демалысына шыққан.  
Болдырева Галина – 1955 жылы 29 сәуір күні дүниеге келген. 2013 жылы Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептен құрметті еңбек демалысына шыққан.

Жоғары

Мектеп бағдарламашысы Баймаханов Қайрат Байзақұлы