Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп
 
Мектеп тарихы
Мектеп дирекциясы
Мұғалімдер туралы мәлімет
Мұғалім мектептің жүрегі
Шәкірт мектеп мақтанышы
ҰБТ, МАБ көрсеткіштері
Ақпараттандыру жұмыстары
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы
Әдістемелік жұмыстар
"e-Learning" Электрондық оқыту жүйесі
Қамқоршылық кеңес
"Еркетай" шағын орталығы
"Ашық бюджет"
"Тақырыптық баннерлер"
Сайт

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы




Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Мектепке жол акциясы» және «Әлеуметтік қолдауды қажет ететін» отбасы оқушыларының түрлі жеңілдіктермен қамтылуы туралы
А Н Ы Қ Т А М А

        Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы атындағы №95 орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылы барысында жанұя жағдайына байланысты оқу киімі мен оқу құралы жетіспей сабаққа келе алмай отырған оқушыларды ескере отырып Қала кәсіпкерлеріне жылдағыдай «Мектепке жол акциясы» аясында шақыру қағаздар таратып, көмек берулерін өтінген болатынбыз.Соның нәтижесінде Сыр Маржаны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Өтеев Мінажадин ағамыз 5а сынып оқушысы Қуанышова Ақботаға 15000 теңге көлемінде қаржылай ақша беріліп сол қаржыға барлық оқу құралы және оқу формасы алынып берілді. Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Аманов Ахметулла ағамыз 5б сынып оқушысы Молдабай Мерейге 20000 теңге көлемінде тұратын Оқу формасын алып берді. Аңсат құрылыс компаниясынан Мира есімді апамыз 4а сынып оқушысы Берікқызы Айымға 17000 теңге көлемінде қаржылай ақша беріп ол қаржыға сынып жетекшісі барлық оқу құралын және оқу аяқ киімі алынып берілді. Аңсат құрылыс компаниясы директоры Рыстығұлов Нұркен деген азамат 4б сынып оқушысы Манат Толқынға 17000 теңге көлемінде қаржылай ақша беріп, бұл оқушыға да борлық оқу құралы және оқу формасы алынып берілді. Аңсат құрылыс компаниясынан Ахметов Әсет деген азамат 3б сынып оқушысы Манат Асланға 15000 теңге көлемінде қаржылай ақша беріліп, бұл оқушыға да 15000 теңге көлемінде қаржылай ақша беріліп, барлық оқу құралы және оқу формасы алынып берілді. Мектептегі әлеуметтік топтағы оқушылар ішінен оқу формасы мен оқу құралын ала алмай отырған отбасы балаларына аудан кәсіпкерлері тарапынан берілген жалпы қаржылай көмекті ақшалай есептегенде 84 000 мың теңге көлемінде қаржылай ақша беріліп отыр. Облыс көлемінде облыстағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1000 оқушыға үлкен бір кәсіпкер, жаны жомарт ағамыз көмек қолын созыпты. Сол беріліп жатқан көмектен біздің мектептен 3 оқушыға көмек берілді. Олар; 1б сынып оқушысы Аз қамтамасыз етілген отбасы баласы Темірлан Нұрперзентке Оқу сумкасы, костюм шалбары, ақ көйлегі, автоқаламы, пеналы, рисованиясы,дәптері жалпы оқушыға не қажет соның барлығы бар деп айтуға болады.1б сынып оқушысы Аз қамтамасыз етілген отбасы баласы Өтеген Әселге барлық оқу киімі, барлық оқу құралымен, 5а сынып оқушысы жартылай жетім Мұхит Әділетке барлық оқу киімі, барлық оқу құралы беріліп бұл оқушылардың ата-аналары шақырылып, балаларына оқу киімдерін кигізіп, оқу құралдарын қолдарына ұстатып қол қойылып алынды, сонымен қатар суретке де түсіріліп алынды. Бұл оқушыларға қаржылай есептегенде барлығы шамамен 90000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сонымен қатар Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен біздің мектеп бойынша барлығы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 33 оқушыға оқу сумкасы таратылып берілді. Оның 16 ұл бала, 17 қыз бала. Жартылай жетім - 5, Көпбалалы отбасы - 16, Аз қамтылған отбасы - 12 оқушыны құрап отыр. Бұның барлық қаржылай сомасы 32670 теңге шамасында болып отыр.Биылғы жылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға Облыс көлемінде, Аудан көлемінде сонымен қатар қала көлемінен де бұл оқушыларға көптеген көмектер көрсетіліп келеді.Биылғы оқу жылы басында көрсетілген көмекті қаржылай шамамен есептегенде барлығы 277670 теңге көлемінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына бөлініп берілді.Оның ішінде қаржылай алғаны және оқу киімі, оқу құралы да бар. Биылғы жылы да бұрынғысынша бір мезгіл ыстық тамақпен жалпы мектеп бойынша 1-7 сыныптар аралығы бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1-2 сыныптар бойынша барлығы 33 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр.Оның ұлы-17,қызы-16, Көпбалалы отбасы баласы-19,Аз қамтылған отбасы баласы-13,Жартылай жетім отбасы баласы-1. 3-7 сыныптар аралығы бойынша барлығы 58 бала ыстық тамақпен қамтылып отыр.Оның ұлы-36,қызы-22.Көпбалалы отбасы баласы-40,Аз қамтылған отбасы баласы-10,Жартылай жетім отбасы баласы-7,Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала-1. Қазіргі таңда барлығы мектеп бойынша әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларының және соның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету бойынша өз құжаттарының сәйкестігіне қарай жалпы 91 оқушыны бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырмыз. Бір мезгіл ыстық тамақты беруге, оны уақытысында ұйымдастыруға барлығына бұйрық дайындалып мектеп басшысының қолы қойылып, мөр басылған.Күнделікті 3 сабақтан кейін 1105 те ыстық тамақ дайындалып, мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен асқанадан уақытылы тамақтанып келеді.Бұлда мемлекеттің жасап отырған соның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына беріліп отырған үлкен көмектердің бірі деп білемін. Сөзімді қорыта келе айтарым,Республика,Облыс, Аудан,Қала қөлемінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына беріліп жатқан көмектер үшін мыңда бір рахмет. Жаны жомарт-жүрегі таза,қолы ашық аға-апаларымыздың отбастарына аманшылық ,жұмыстарына табыс тілейміз. Алдағы уақыттардада осындай көмектер өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Әлеуметтік педагог: Б.Нағашыбаев

Мектеп бағдарламашысы Баймаханов Қайрат Байзақұлы