Қазалы қаласы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектеп
 
Мектеп тарихы
Мектеп дирекциясы
Мұғалімдер туралы мәлімет
Мұғалім мектептің жүрегі
Шәкірт мектеп мақтанышы
ҰБТ, МАБ көрсеткіштері
Ақпараттандыру жұмыстары
Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы
Әдістемелік жұмыстар
"e-Learning" Электрондық оқыту жүйесі
Қамқоршылық кеңес
"Еркетай" шағын орталығы
"Ашық бюджет"
"Тақырыптық баннерлер"
Сайт

e-Learning - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба

Жобаның негізгі мақсаты - үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мақсаттары:
мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету

    Жоғары

    АНЫҚТАМА


           Электрондық оқыту жүйесін (e-learning) білім саласына енгізудегі басты мақсат - білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Осы мақсатты көздеген білім және ғылым министрлігі 2012 – 2013 оқу жылынан бастап аталмыш мектепте электронды оқыту жүйесі бойынша оқушыларға дәріс беруді бастап кетті. Мектебімізге тікелей кең жолақты интернеттiң сымдық және сымсыз WI-FI желiсiнің 8 нүктесі орнатылды. Оқытушылар дербес компьютерлiк техникамен, интерактивтi жабдықтармен қамтамасыз етiлді. Мектепке жалпы 64 компьютер келсе оның ішінде заманауи 23 дербес компьютер, 11 ноутбук, 30 моноблок, 1 интерактивтi тақта және 2 жылжымалы мультимедиялық проекторлар қолданысқа берілді. Қазіргі таңда ол құрылғылардың барлығы жұмыс жасап тұр. Қарқынды жұмыс нәтижесінде сервер кабинеті іске косылып, мектептегі барлық ақпаратты өз қолына алды. Онда ноутбуктерді жинақтап, зарядтап тұратын арнайы сейф бар. Сонымен қатар мектептің АКТ залына мультимедийный цифровой подиум (трибуна) құрал жабдықтары әкелініп құрылды. Мектебімізде барлығы 21 оқу кабинеті бар, олардың барлығы моноблоктармен қамтылды. Мектеп директоры және орынбасарлары жеке моноблоктармен, мектеп кітапханасы 6 дербес компьютермен қамтылған. Сонымен қатар қазіргі таңда мультимедиялық кабинетте 15 дербес компьютер, 1 интерактивті тақта орналастырылып, жұмыс жасалу үстінде.

Мектеп бағдарламашысы Баймаханов Қайрат Байзақұлы